$ 476.89  505.27  4.95
Жаңалықтар 17.06.2023 сағат 10:30

Дәулет Дәукенов титул үшін айқасты нокаутпен жеңді

Жекпе-жек орташа жартылай салмақта Чехия чемпионы атағы үшін өтті.
Дәулет Дәукенов титул үшін айқасты нокаутпен жеңді
Фото: sport.kz

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (12-2, 5 КО) Прагада өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Д. Дәукенов колумбиялық Эбер Тобармен (8-4-3, 3 КО) кездесіп, оны техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек орташа жартылай салмақта Чехия чемпионы атағы үшін өтті.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби мансабында 13-інші жеңісіне қол жеткізді. Ол профи-рингке алғаш рет 2017 жылы шыққан еді. Ал Э.Тобар мансабында 5-інші рет жығылып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар