$ 494.87  520.65  4.91

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

Тоқаевқа Ресейдегі жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп беріледі.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.

Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары