Елдің батысында солтүстік-батыстан келген антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ауа райы болжамына сәйкес, 8 шілдеде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Жел екпіні күшейеді деп болжанды. Ал елдің батысында солтүстік-батыстан келген антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады", - деді "Қазгидромет" РМК
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты аптап ыстық сақталады.