$ 494.87  520.65  4.91

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Өрт қаупі сақталады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің айтуынша еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, өрт қауіптілігі сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елордада 17 шілдеде күндіз найзағай ойнап, 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында найзағай күтіледі. Өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының басым бөлігінде 38-40 градусқа, 18 шілдеде 38-42 градус қатты ыстық күтілуде.

17 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Алакөл маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с. Дауыл Алматы облысының таулы аймақтарын да айналып өтпейді.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, 41 градусқа дейін ыстық болады.

Павлодар облысында тұман күтіледі. Аймақтың басым бөлігі өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында найзағай күтіледі.

Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарында найзағай күтіледі. Өңірлерде де жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында 35 градусқа дейін ыстық күтілуде. Өрт қаупі сақталады. Қарағанды ​​облысында 37 градус ыстық күтілуде.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары