«Витебскідегі Славян базары» музыкалық байқауында қазақстандық әнші Құралай Мейрамбек үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі күндік байқау нәтижесінде армениялық өнерпаз Маша Мнджоян бас жүлде алса, бірінші орын – беларусь Самир Елчиевке берілді. Екінші орынды – ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. Үшінші орынды – қазақстандық Құралай Мейрамбек және өзбекстандық Малика Хакимова иеленген.
Құрметті қазақ елім! Байқауда қолдап, жанкүйер болған баршаңызға мың алғыс! Алла қаласа әлі талай көк туымды әлемде көкте желбірететін боламын!, - деп жазды Құралай өзінің Instagram парақшасында.