Батыс Қазақстан облысында бұрын сотталған тұрғын көршісінен ақша бопсалаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.
Шыңғырлау ауылының бұрын екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғыны бостандыққа шыққаннан кейін ескі әдетін қайта бастаған. Ол көлік жөндеу орталығы иесінен ақша бопсалаған.
Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ауыл тұрғынының қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі.
Анықталғандай, 42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолдану арқылы қауіп төндіріп, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған. Жеке тінту барысында ұсталған адамнан 60 мың теңге, сонымен қатар одан ерекше иісі бар қара-жасыл заты бар қағаз бумасы және ОРРО телефоны табылып, тәркіленді.
42 жастағы күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 18 жылға жуық бас бостандығынан айыру орындарында отырған. Белгілі болғандай, мұндай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру тиісті нәтиже бермей, қайтадан бостандыққа шығып, тағы да қылмыстық жолға түскен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытыр алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.