Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Чехияның Оломоуц қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая жартылай финалда чехиялықтар Дениса Дениса – Каролина Кубановамен шеберлік байқасты.
Оқи отырыңыз: Жібек Құламбаева Чехиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Бір сағат 18 минутқа созылған матчта қазақстандық-латвиялық жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Ж.Құламбаева – Д.Семенистая финалда чехиялықтар Магдалена Смекалова – Тереза Валентовамен бас жүлдені сарапқа салады. Олар жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, грекиялық Сапфо Сакеллариди – нидерландылық Лекси Стивенсті қапы қалдырды – 7:5, 6:2.