Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова субұрқақтар мен белгісіз жерлерде неге шомылуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Сархат Бейсенова Астанада суға түсу маусымы басталғалы белгісіз жерлерде шомылғаннан кейін серозды менингит жұқтырған екі жағдай анықталғанын айтты. Оның айтуынша, субұрқақтар мен суға түсуге арналмаған орындарда шомылу кезінде адам энтеровирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін.
Жылы кезеңнің басталуымен энтеровирусты инфекциямен сырқаттанушылық өсті. Былтырғымен салыстырғанда аурушаңдық 19% артып, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 2022 жылғы 43,1-ге қарсы 53,2 болды. Бұл инфекцияға 4 жасқа дейінгі балалар көбірек бейім, - деді Сархат Бейсенова.