$ 441.58  480  4.86

Екібастұздағы жарылыс: Қаза тапқан жігіт жанармай құю бекетінің иесінің ұлы екені анықталды

Ақпаратты Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Екібастұздағы жанармай құю бекетіндегі өрттен қаза тапқан 17 жастағы жігіт жанармай құю бекетінің иесінің ұлы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпаратты Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

Өрт кезінде қаза тапқан 2006 жылы туған жігіт жанармай құю станциясының операторы болып жұмыс істеген. 17 жастағы азамат өрт шыққан жанармай құю бекетінің иесінің ұлы болған, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ оқиға орнында марқұмның мәйітінен бөлек "Газель" көлігі болған, көлік толығымен жанып кеткен.

Екібастұз қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 281-бабының 2-бөлігі "Жарылыс қаупі бар объектілердегі қауіпсіздік ережелерін бұзу” және 292-баптың 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу басталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары