$ 498.51  522.84  4.81

Алдағы күндері еліміздің барлық аумағында күн жылынады

Синоптиктер 2017 жылғы 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанда орныққан аяз Сібір антициклонының әсерінен туындаған ауа теспературасы нормадан 7-12 градусқа төмен. Алайда синоптиктер алдағы бірнеше күн ішінде ауа райының өзгеретінін болжап отыр. Циклон Орта жер теңізінің шығыс жағалауында қалыптасып, Қазақстанның оңтүстігіне қарай 16 ақпанда жылжи бастайды, бірақ республиканың барлық аймақтарына тек жауын-шашын ғана емес, біраз жылу да алып келеді", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, батыста, түнде 13-23-тен 3-8-ға дейін, кей жерлерде 11-16 аяз, солтүстік, шығыс пен орталықта 20-30-дан 17-25-ке дейін нөлден төмен, оңтүстік өңірлерде 0-5, кей жерлерде 10-15 нөлден төмен, Қызылорда облысында  10-15, кей жерлерінде 20 аяз болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары