$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ теннисшісі жұптық сайыста WTA-250 турнирінің чемпионы атанды

Анна Данилина биыл WTA-250 турнирінде алғаш рет жеңіске жетті.
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен жұптасып, Гамбургте (Германия) өткен WTA-250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық кездесуде Данилина мен Панова Мириам Колодзьежова (Чехия) - Анжела Куликов (АҚШ) жұбын 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

Анна Данилина биыл WTA-250 турнирінде алғаш рет жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары