$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда балалар уланған орталықтың 10 қызметкері жұмысына қайта оралды

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Қарағандыдағы балалар уланған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 10 қызметкері қайтадан өз жұмысына кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

Осы факті бойынша облыста комиссия құрылып, оны облыс әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары басқарады. Сол кезде бұл медициналық-әлеуметтік мекемеде бала өлімі тіркелген еді. Содан кейін комиссия медицина қызметкерлерін белгілі бір мерзімге жұмыстан шеттету туралы шешім қабылдады. Кеше комиссияның шешімімен аталған медициналық-әлеуметтік мекемедегі 10 медицина қызметкері өзінің жұмысына қайта кірісті. Қалған екі медицина қызметкері, яғни бөлім меңгерушісі мен психиатр дәрігер жұмыстан шеттетілді, - деді бас санитар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары