$ 441.66  475.14  4.86

Жаздың соңғы айында белгі өкілдерін не күтеді

Қателікке жол бермей, жайлылыққа жету үшін жұлдыз жорамалының кеңестерін пайдаланыңыз.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Тамыз өмірдің әрбір саласына әсер ететін ғаламдық оқиғаларға толы болмақ. Айдың екі рет толуы, ретро Венера, Күннің Бикешке және Марстың Таразыға ауысуы қандай өзгеріс әкеледі? Тамызға арналған жұлдыз жорамалды астролог Кайли Томас құрастырды, деп хабарлайды nur.kz.

Тоқтыларға тамыз айына арналған жұлдыз жорамал

Үнді астрологиясын таныстыратын Starstell басылымының мәліметінше, 17 тамыздан бастап Марс Арыстанда Күн және Меркуриймен байланысады, ал 18 тамызда Тоқтыға кіреді. Бұл мақсатқа жетуге және бойдағы талантты ашуға көмектеседі. Тоқтылар үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? 15 тамызға дейін шұғыл істермен айналысып, айдың екінші жартысын шығармашылыққа арнаңыз. Жалғыз жүрмеңіз, команда жинаңыз. Серіктеспен қарым-қатынасыңызды жақсарту үшін өзімшілдіктен арылыңыз. Денсаулықты тексертуді ұмытпаңыз. 21 тамызға дейін ақша шығындамаңыз, себебі мәні жоқ.

Торпақ үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай?

Almanac басылымы 9 тамызда тосынсыйлар болатынын жазады, 13 тамызда үйде болуға және 22 тамызда қымбат заттар сатып алмауға кеңес береді. Ал қалған күндері тамыз тыныш өтеді әрі қаржылық жағдай жақсарады. Тамыз айының соңында тұрмыстық техника, автокөлік, жиһаз және өміріңізді жеңілдететін құрылғыларды сатып алуға қымсынбаңыз. Мұндай заттың бәрі ұзағырақ сақталады. Жеке өмірде аса өзгеріс бола қоймайды. Эндокриндік жүйесінде ақауы бар адамдар тексеруден өтуі керек. 

Егіздерге арналған тамыз айының жұлдыз жорамалы

Астролог Кайли Томас Венераның ретроградтық кезеңіне байланысты бұрынғы серіктердің өміріңізге оралуы мүмкін деп болжайды (23 шілдеден 4 қыркүйекке дейін). Меркурий ретро кезеңіне өтетін сәтте (23 тамыз-15 қыркүйек) ісіңіз баяулайды. Егіздер үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Егіздер бизнес, жоғары технологиялар және ғылым саласында үлкен жетістікке қол жеткізеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтып, компанияға көңілі толмайтындар тамыз айында жұмыс берушілерін ауыстырады. Сіз отбасы мен жұмыс арасында үзіліс жасайсыз, бірақ денсаулығыңыз қиындық тудырмайды.

Шаяндарға арналған 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай?

Жеке өміріңіз бен жұмысыңызда берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. FindYourFate онлайн порталы махаббат пен романтикалық байланыс болатынын жазады, бірақ 15 тамызға дейін ешкіммен бірге жаңа өмір парағын ашпауға кеңес береді. Жұмысыңыз бойынша бір саладағы мансап жолыңыз аяқталып, жаңа жолдың басталуы ықтимал. Отбасыңызбен және достарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз, балаларға, бауырларыңыздың балаларына уақыт бөліңіз. Жақсы ұйқы және дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Арыстанға арналған бір айлық жұлдыз жорамал

Astrology Answers басылымының астрологтар тобы 13 тамызға маңызды нәрселерді жоспарлауды ұсынады. Күннің Арыстандағы Венерамен қосылуы белгі өкілдерінің сүйкімділігін арттырады, ымыраға келуге, татуласуға және табысты ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді. Арыстан үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Онда біршама өзгерістер мен әурешілік болады. Арыстандар имиджін, қызмет саласын, қоршаған ортасын және әдеттерін өзгертеді. Бұл өмір сүру және қаржылық деңгейге оң әсерін тигізеді. Метеорологиялық тәуелділік эпизодтарын қоспағанда, денсаулығы қалыпты болады. 

Бикеш үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай?

Күннің Бикешке енуі (23 тамыз) өмірдің барлық саласына оң жағынан әсер етеді. Бірқалыпты жұмыс істейтін қызметкерлер, фрилансерлер, дәрігерлер мен ғалымдар табысқа жетеді. Табандылық, шыдамдылық танытып, айналасындағы әрбір ұсақ-түйекке егжей-тегжей назар аударғандар байлыққа қадам басады. Жалғыз жүруге тырысыңыз, көп адамның ортасында болмауға тырысыңыз. Өз-өзіңізге есеп беру қателіктерді түзетуге, жаңа кеңістікті ашуға мүмкіндік береді. Жаяу жүру, йога және жүгіру арқылы дене бітімін сақтаңыз. Махаббатқа қатысты ашық сөйлесу және өзара қарым-қатынас қажет екенін естен шығармаңыз.

Таразыға арналған тамыз айындағы жұлдыз жорамал

27 тамыздан бастап Марс Таразыға ауысады. Бұл процесс белгі өкілдерінің энергия деңгейіне, мотивациясына және амбициясына оң әсер етеді. Жұмыс орнын ауыстыруға дайын болыңыз. Таразылар үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Оларды жетістіктер мен жеңіс айы күтіп тұр. Спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар ең үлкен жетістікке жетеді. Махаббатта демократиялық қатынас орнайды. Қарым-қатынасты күшейту үшін бір-біріңізге еркіндік беріңіз. Қаржы жағдайы қиындық тудырмайды, бәрі тұрақты болады. Қомақты дүниелерді сатып алу, қаржы жинау және инвестициялар болуы мүмкін.

Сарышаяндарға арналған 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай?

Сарышаянды тұрақтылық пен материалдық еркіндік күтеді, бірақ махаббатта өзгерістер болуы мүмкін. Толқу, құштарлық сезімі жаңа адамды іздеуге итермелейді. Егер отбасыңыз бен сеніміңізді сақтағыңыз келсе, ырыққа бағыныңыз. Бойдақтардың алдында бірнеше таңдау бар, асықпаңыз, айналаңызға мұқият қараңыз. Денсаулық жағдайы жақсы болады, тек ауа райына қарай киініп жүрсеңіз болғаны. Экстремалдық спорт, таза ауада жасалатын жаттығулар және жаңа хобби шаршағаныңызды басуға көмектеседі.

Мергендер үшін 2023 жылдың тамызына арналған жұлдыз жорамал

Мерген үшін тамыз айы жарқын әрі позитивке толы болады. Оң өзгерістер өмірдің барлық саласына әсер етеді. Мергендер үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Оның жеке өмірінде романтиканың алауы тұтанады. Жұмысыңыздан жалақының өсуін, сыйақы күтіңіз. Мансап баспалдағында өсуіңіз мүмкін. Тамыздағы өмір салты жеңіл өтеді. Достарыңызбен кездесіңіз, жаңа шығармашылық хобби табыңыз. Денсаулық жағдайы тамаша, бірақ күзгі салқын түскенше алдын алу шараларын жасау артық болмайды.

Тауешкілерге арналған тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай?

Тамыз тұрақты болады және оң нәтижемен аяқталады. Қолға алған істер жоспарға сай болады. Отбасында, туыстар арасында түсініспеушіліктер болуы мүмкін, оны ашық сөйлесу арқылы шешуге болады. Демалысқа шығуға ұмтылыңыз, тірек-қимыл аппаратына күтіммен қараңыз. Жұмыс орныңызды, мамандығыңызды, оқуыңызды өзгерте аласыз. Ал қызметтегі өзгерістер табысқа жетелейді. Күнделікті тіршілікке, ойын-сауыққа ақша жеткілікті, өзіңізге қысым жасамаңыз.

Суқұйғышқа арналған тамыз айындағы жұлдыз жорамал

Суқұйғыштағы толық Ай (1 тамыз) сізді одан да еркін және әділ етеді. Жұмыста жобаны басқаруды қалайсыз, қайырымдылық қоғамдастығын құрып, ерікті міндетін атқарғыңыз келеді. Суқұйғыш үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Тамыз – қорытынды шығару, татуласу, үзілген байланысты қайта жалғау, бірлестіктер ұйымдастыру, жұмысқа басшылық жасау айы. Тамақтануға қатысты ақылға қонымды шектеулер және ішімдіктен бас тарту денсаулықты жақсартады. Махаббат бірінші орында болмайды, дегенмен, қиындық тудырмайды.

Балықтар үшін 2023 жылдың тамыз айындағы жұлдыз жорамал қандай?

Балықтардағы толық Ай (31 тамыз) ішкі түйсікті күшейтеді. Өнер, дизайн, сән және сұлулық саласында еңбек ететін жандар шығармашылық тұрғыда өседі, өзін-өзі дамытады. Медицина, ғылым және психология саласының қызметкерлері табысқа жетеді. Өзіңізге жайлылық жасау үшін көбірек жұмыс істеу керек. Жаңа таныстардың ниетіне шынайы баға беріп, жаныңыздағы серігіңізбен шын жүректен жақсы қарым-қатынаста болсаңыз, жеке өміріңіздегі жағдай реттеледі. Уақытында демалып, қалыпқа келсеңіз, денсаулығыңыз мықты болады.

Тамыз айы жылдың өзгеріске толы маңызды айы болмақ. Көптеген белгі өкілдері өмірін жақсы жаққа өзгертуге талпынады, кейбірінде тұрақтылық пен өркендеу кезеңі болады. Қателікке жол бермей, жайлылыққа жету үшін жұлдыз жорамалының кеңестерін пайдаланыңыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары