Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Апелляциялық алқа Боранбаев пен тағы екі айыпталушының ісін қайта қарап жатыр: Роман Наханов пен Тайыр Жанұзақ.
Судья Сламбекова Қайрат Боранбаевтан кінәсін мойындай ма деп сұрады.
Процессуалдық келісімге сәйкес, иә, - деп жауап берді Қайрат Боранбаев.
Сот мәліметінше, келісімнің шарттары әлі талқыланбаған. Бұл үшін нақты уақыт белгіленеді.
Іс ашық сот отырысында қаралады. Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары сот құрамына сенетіндерін айтты. Іс бойынша сотталушылардың туыстары қарсылық білдірген жоқ. Боранбаев және оның қорғаушы тарапы қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтастық туралы өтініш жасаған.