Биыл қыркүйекте ерлі-зайыптылар үшін ақпараттық-түсіндіру шараларының кешені іске қосылады. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz..
Отбасы құндылықтарды одан әрі нығайту мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы жылдың қыркүйек айында некеге тұрған ерлі-зайыптылар үшін оң ықпалы бар отбасылық дәстүрлер мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, отбасын жоспарлау және ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мәселесі бойынша некеге тұрған ерлі-зайыптылар үшін ақпараттық-түсіндіру шараларының кешенін (е-gov платформасындағы жадынама, офлайн және онлайн форматтағы бейнероликтер, семинарлар мен тренингтер және басқа да шаралар) іске қосуды жоспарлап отыр, - деп атап өтеді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің дерегінше, елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласында белгілі оң динамика байқалады.
Дереккөз: ҚазАқпарат