$ 494.87  520.65  4.91

Атыраулық тұрғыннан діни мазмұндағы жүзге жуық кітап тәркіленді

Азаматша айыппұлмен құтылды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атырауда теміржол вокзалында жүрген 30 жастағы азаматшадан діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қаланың 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде азаматшадан діни мазмұндағы 80 кітап табылды. Көлік полицейлері аталаған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырып, оны сотқа жолдады.

Атырау қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл арқалады.

Тәртіп сақшылары ҚР "Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы" заңына сәйкес, діни әдебиеттерді, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тарату тек діни рәсімдік ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген арнайы стационарлық орындарда ғана жүзеге асырылатындығын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары