Елордада 1-ші сыныпқа қабылданған оқушылардың 40%-ы орыс тілінде білім алмақ. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Оның сөзінше, оқушылардың 61% қазақ тілінде оқитын болады. Сенғазыев бұл көрсеткіш 2 жыл бұрын 51% болғанын, келесі жылы 70% жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.
Танымал педагог Аятжан Ахметжанұлы бұл жағдайды министрліктің идеологиялық жұмысының әлсіздігі деп есептейді.
Қазақ сыныбында орын жоқ, орыс сыныбына барасыз ба, - деп отыратын қабылдау комиссиясын да көрдік! Ойбай, ата-ана таңдауы дейді, бұның бәрі ата-ана таңдауы емес, бұның бәрі сапасыз жұмыс көрінісі! - дейді ол.
Дереккөз: Ulysmedia.kz