29.08.2023, 23:30

Алматыда Ақкент тұрғын үй кешенінде тағы өрт шықты

Фото: ТЖД
Пәтердің асүйінде ауа сорғыш жанғаны белгілі болды.

Алматының Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйден тағы өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz қаланың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 19:29-да 101 пультіне Алматының Алатау ауданы Ақкент шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабатта өрт шыққаны турал хабар түскен.

Пәтердің асүйінде ауа сорғыш жанғаны белгілі болды. Өрт сағат 19:49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 тамызда Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.