Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлының бойжеткенді итергені туралы видео тарады. Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаның мән-жайын сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі видеода бойжеткеннің өзі келіп, жас жігітке жармасқаны байқалады. Әлгі бойжеткен бірнеше рет жігітті ұруға да тырысады. Алайда жағаласқан уақытта жігіт бойжеткенді итеріп қалған. Жерге ұшып түскен бойжеткеннің видеосын әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр.
Кім баласын жаман болсын дейді. Бұл бір. Ересек бала ол. Өздері шешеді, - дейді Тұрлыханов.
«Бір-бірін жақсы көретін шығар, қатты» деді сөз арасында депутат. “Отставкаға кетесіз бе?” деген сұраққа депутат “жоқ” деп жауап берді.