07.09.2023, 21:30

Қорғаста бір топ жас жігіт төбелес шығарды (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары олардың кім екенін анықтады.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында төбелес болды, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Жетісу облыстық Полиция департаменті мәлім еткендей, қақтығыс 20 мен 26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар арасында болған. Тәртіп сақшылары олардың кім екенін анықтады.

Төбелеске қатысқандардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі»,- деп хабарлады ведомстводан. Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға орнынан травматикалық тапанша табылды. Ол тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. «Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық департамент ерекше бақылауға алды»,- деп атап өтті департаменттен.

Тегтер: төбелес