09.09.2023, 10:30

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа міндеттер жүктелуі мүмкін

Фото: ҰҚК
Жарлық жобасы 19 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосымша құзыреттер беруді көздейтін Президент Жарлығының жобасы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта жазылғандай, аталған ведомствоға мына функциялар берілмек:

- ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін, сондай-ақ азаматтық контингентiн мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ұсыныс жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- техникалық барлауға қарсы іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ақпаратты және техникалық құралдарды қорғау тиімділігінің нормаларын және олардың қорғалуын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

- бөлінген бюджет шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары бойынша оқытушылардың қызметін төлеу үшін 1 академиялық сағатының құнын белгілеу;

- ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау, барлау, жедел-іздестіру қызметін және тергеу әрекеттерін психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына тексерулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

Жарлық жобасы 19 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат