$ 495.2  522.34  4.94

Мәслихат депутаттары Алматы қалалық Полиция департаментінде болды

Кездесу нәтижесінде Алматы полициясына материалдық-техникалық, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешуде көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.
Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД

Жұмыс кездесуі барысында Алматы қалалық ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров қалалық Мәслихат депутаттарын жедел жағдай мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың басым бағыттары туралы хабардар етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар қонақтар полиция қызметіне цифрландыру енгізудің тиімділігін талқылады.

ПД-нің Жедел басқару орталығында депутаттарға цифрлық полицияның жаңа шешімдері көрсетілді: бірыңғай бейнебақылау жүйесінің платформасын дамыту, «Қорғау» аппараттық-бағдарламалық кешенінің функцияларын кеңейту, мобильді жүйелері мен «102» қызметін жаңғырту ұсынылды.

Сондай-ақ шақырылған қонақтар ПД қызметтері мен бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, ПД Мұражайын аралау арқылы Алматы полициясының даңқты және бай тарихымен танысты.

Бүгінде ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту және полицияны халықпен жақындату үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.  Бүгінгі қабылданып жатқан шаралар кешеніндегі кездесуіміз де қала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, әсіресе, азаматтардың заңды құқықтарын сақтау саласындағы нәтижелі және тиімді құралдардың біріне айналады деген сенімдемін, - деді Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар кездесу нәтижесінде Алматы полициясына материалдық-техникалық, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешуде көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары