Ақын, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Оқи отырыңыз: Ақын әрі композитор Арман Қайназаровтың жұмбақ өлімі туралы тың деректер айтылды (ВИДЕО)
Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Бұл дерек Алатау аудандық Полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.