24.09.2023, 11:30

Алматы маңында жер сілкінді

Фото: top-fon.com
Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357-шақырымда, Қытай территроиясында орналасқан.

24 қыркүйекте «СОМЭ» сейсмикалық станциялар желісінің мамандары Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жерасты дүмпулері 2023 жылы 24 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:15-те тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357-шақырымда, Қытай территроиясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7.

MPV магнитудасы – 4.2.

Тереңдігі – 15 шақырым.

Сезілуі туралы ақпарат тіркелмеген.