$ 494.87  520.65  4.91

Есекке мініп әйеліне гүл апарған ер адам көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Шынайы махаббат осылай болады деседі.
Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қазақ жігітінің әйелін, сондай-ақ айналасындағыларын қуантқан құттықтаудың бейнежазбасы қазнетте кеңінен таралды, - деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйелін туған күнімен құттықтау үшін ер адам жолдасы жұмыс істейтін мектепке есек мініп барады. Әрине, бұл ақбоз ат емес, дегенмен қазақ азаматының романтикалық іс-әрекетін мүлдем төмендет түсірмейді.

Сүйіктісі келгеннен кейін, ауыл тұрғыны есегінен түспей, айналасындағылардың қол шапалақтауымен оған 47 раушаннан тұратын гүл шоғы мен торт береді. Куәгерлер атап өткендей, шынайы махаббат осылай болады деседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары