Бұл туралы "Не молчи" қорына қайтыс болған баланың әжесі мен оның ағасы және бөгде дереккөз хабарлаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
2004 жылғы күдікті қамауға алынды. Алайда, бізде учаскелік полиция қызметкері қажетті шараларды уақытында қабылдамады деген күдік бар. Біз жұртшылықты бұл істі қараусыз қалдырмауға, тергеу барысын бақылауға және әділеттілікті талап етуге шақырамыз, - делінген қордың хабарламасында.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық істі Наурызбай аудандық басқармасы ҚР ҚК 99-бабы, 3-бөлігі ("бала өлтіру") бойынша тергеп жатыр. 19 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы қылмыстық істі тергеу барысы Алматы полиция департаментінің басшылығымен ерекше бақылауға алынды, - деді ведомстводан.