$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда Қызыл кітапқа енген құстарды шетелге әкетпек болған

Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Атырау әуежайында 28 ителгі құсын шетелге әкетпек болған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ҰҚК мәліметінше, құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.

Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгі құсын ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары