Қамшыбек Қоңқабаев - ХІХ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңіліп, Азиаданың күміс жүлдесін еншіледі.
Тартысты өткен жекпе-жекте өзбекстандық боксшы 4:0 есебімен жеңіске жетті.