Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе терроризмді интернет желісі арқылы насихаттаған Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Оның тұрғылықты мекен жайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.