$ 443.37  474.49  4.83

Азиада-2023: Қазақстанда жеңімпаз спортшылар қанша сыйақы алады?

Азия ойындары 8 қазанда, яғни бүгін аяқталады.
Фото: instagram.com/prosports_kz
Фото: instagram.com/prosports_kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында өнер көрсетіп, жүлдегер атанған қазақстандық спортшылардың қанша қаражат алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыс жеңімпазы 10 000, күміс жүлдегерлер 5000, ал қола жүлдегерлер 3000 АҚШ долларын алады. Ал олардың жаттықтырушыларына 5000, 3000 және 2000 доллар беріледі.

Командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға жеке төлемдер қарастырылған.

Еске салсақ, Қазақстан Азиада ойындарында медальдық есепте 11-ші орында, 80 медальға ие болды, оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.

Азиада 8 қазанда, яғни бүгін аяқталады. Жабылу рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары