$ 439.4  473.54  4.76

«Хатико» арбадан құлап қалған қожайынын полицейлерге сеніп тапсырды (ВИДЕО)

Ит иесін мұқият күзетіп, жанында отырды.
Фото: видеодан алынған скрин
Фото: видеодан алынған скрин

«Хатико» қожайынын Тараз полицейлеріне сеніп тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицейлер жолдың ортасында төңкерілген мүгедектер арбасын, ал жанында қарт адам мен итті байқаған. Олар Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныды.

Зейнеткер жасанды кедергілерден өте алмай, аударылып қалған. Ит осы уақыт ішінде иесін мұқият күзетіп, жанында отырды. 

Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен, ит иесіне ешкімді жолатпады. Алайда оқиға сәтті аяқталды.

Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адамдар оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз - атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған болатын, -Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.

Қазіргі уақытта ата мен оның итінде бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары