$ 494.87  520.65  4.91

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты

Оған алматылық заңгер ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айыпталушы - Тұрлыхановтың кенже ұлы, 20 жастағы Нұрасыл Болат. Оған алматылық заңгер ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келді:

Оқи отырыңыз: Дәулет Тұрлыхановтың атышулы ұлдары туралы бар шындық ашылды

«Кезекті ақпараттық шабуыл»: Тұрлыханов басы дауға қалған ұлына қатысты мәлімдеме жасады

Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын, - деп Нұрасыл Болатқа үкімді оқыды судья Дихан Әлиасқаров.

Тағы оқыңыз: «Бір-бірін қатты жақсы көретін шығар»: Тұрлыханов дауға іліккен тағы бір ұлын ақтады

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамауға алынды

«Балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткен» - Дәулет Тұрлыханов ұлына араша түсті

Еске сала кетейік, оқиға биыл 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты Чернов пен Дмитриевичті соққыға жыққан. Кейін Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметте екені белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары