$ 495.2  522.34  4.94

Бауыржан Байбектің әйелі лауазымды қызметінен босатылды

Ол қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы судьяларды тағайындау және қызметтен босату туралы Жарлыққа қол қойды. Қызметінен босатылған судьялардың арасында Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек те бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

6 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. 

Ол қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Құжатта қызметінен босатылған 35 судьяның аты-жөні жазылған. Олардың арасында елордалық сотта судья болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар. Жарлықта ол өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны атап өтілген.

Ашық ақпарат көздерінде Жанар Байбектің Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары