$ 524.58  551.91  4.93

Украинадан қаржы пирамидасының жетекшісі экстрадицияланды

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін оған 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Фото: видео кадрдан
Фото: видео кадрдан

Украинада бас сауғалап жүрген Қазақстан азаматы Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың хабарлауынша, Украина Бас прокурорының кеңсесі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «LIDER» қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген азаматты ұстап беру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Ол 2017-2019 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан зардап шеккен 240-тан астам азаматқа 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін, ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған. 

2023 жылдың тамыз айында күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады. 

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. 

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін оған 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары