$ 441.66  475.14  4.86

Блогерлер футбол стилінде ерекше той өткізді (ВИДЕО)

Тойдағы тортты да әлемдік футбол тақырыбында жасатқан.
Фото: alisher.kelgenbay
Фото: alisher.kelgenbay

Белгілі блогерлер Әлішер Келгенбай мен Ұлдана Жиенқұл ерекше стильде өткен тойларының видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Instagram парақшасында жарияланған видеода, қалыңдық Ұлдана Жиенқұл жамылғысында "Real Madrid-тің", ал, күйеу жігіт костьюмінде "Barcelona" футбол клубының символы бейнеленген.

Сондай-ақ, олар ортаға "Чемпиондар лигасының" әнұранымен шыққан.

Жас жұбайлар тойдағы тортты да әлемдік футбол тақырыбында жасатқан. Онда, клубтардың эмблемалары, кубок, доп, футбол формасын киген күйеу жігіт пен ақ көйлек киген қалыңдық бейнесімен әсемделген. 

Бұл той әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін екіге бөлды. Бірі "Ақ көйлектен неге бас тарттың?", "Бұл да хайп па?" десе, келесі топ "осы жылғы ерекше той осы боды", "Ерекше талғам" "Құтты болсын тойларың! Бақытты болыңдар" деп қолдау білдірді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары