Астанада аспан бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр жауады.
Синоптиктер Қазақстандағы 2023 жылдың 25 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыс, солтүстік өңірде көктайғақ болады деп күтіледі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады.
Қазақстан бойынша ортақ сипат - тұман басу, екпінді жел.
Астанада аспан бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2°С...+4°С, күндіз: +9°С...+11°С
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5°С...+7°С, күндіз: +16°С...+18°С.
Шымкентте күн райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +6°С...+8°С, күндіз: +21°С...+23°С