$ 494.87  520.65  4.91

25 қазанда интернет бұғаттала ма? Полиция түсініктеме берді

ІІМ азаматтарды арандатуға бой алдырмауға шақырады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Полицейлер 25 қазанда интернет бұғатталатыны туралы қауесетке байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 25 қазанда Қазақстан бойынша интернет болмайды деген хабарлама тараған болатын.

Құқық қорғау органдары бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздеу шараларын қолға алған.

ІІМ азаматтарды арандатуға бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертеді, - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары