$ 494.87  520.65  4.91

Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар күш сынасты.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті. Бұл жолы Әлішер Гариполлаев пара таеквондодан қола медаль, ал дзюдодан қазақстандық қос спортшы жеңімпаз атанды. Жанбота Аманжол күміс медаль, ал Ғалымжан Смағұлұлы қола медаль иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

90 келіге дейінгі салмақта (J2 санаты) өнер көрсеткен отандасымыз Жанбота Аманжол  күміс медаль иеленді. Өкінішке қарай, ол алтын медальға таласта Корея спортшысы Ли Джунгктен жеңіліп қалды.

Ғалымжан Смағұлұлы үшінші орын үшін өткен тартыста Өзбекстан палуанын жеңді. Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар күш сынасты.

Ал Әлішер Гариполлаев пара таеквондодан үшінші таласта жапондық балуан Акира Итоны жеңді. Жекпе-жек 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары