26.10.2023, 18:20

Сот экс-депутатты 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды

Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Сондай ақ, оны жүргізуші куәлігінен жеті жыл мерзімге айыруды ұйғарды.

 

 

Ақтөбе мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратоваға қатысты іс бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәния Мұратова бұған дейін шақыртуларға қарамастан сот отырысына ешқашан қатыспаған. Сот бұрынғы депутатты мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды ұйғарды.

Сотта полиция инспекторы Нұржас Мүсіреп бір ай бойы полиция экс-депутаттың қайда жүргенін анықтай алмағанын айтты. Сондықтан істі қарап жатқан судья 53 жастағы Мұратованың қатысуынсыз шешімді оқыды.

"Сот қаулысымен Мұратова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізуші куәлігінен айырылды", – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы жылдың қыркүйек айында экс-депутат Мұратованың жол ережесін екі рет бұзғанытуралы ақпарат тараған.