$ 494.87  520.65  4.91

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ақпараттық орталық құруды жоспарлап отыр

Еліміздегі су шаруашылығы нысандарының ағымдағы жағдайы туралы барлық ақпарат осы орталықта жинақталатын болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ситуациялық ақпараттық орталық құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздегі су шаруашылығы нысандарының ағымдағы жағдайы туралы барлық ақпарат осы орталықта жинақталатын болады.

Айта кету керек, министрлік су шаруашылығын цифрландыру бағытынды бірнеше ірі жобаны іске қосып, кешенді жұмыс атқаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда су саласын автоматтандыру және цифрландыру бағытында осыған дейін елімізде жүзеге асырылған және енді іске қосылып жатқан жобаларды өзектендіру бағытында белсенді жұмыс жасап жатыр.

Сондай-ақ, австралиялық Rubicon Water және германиялық «HST-EURASIA»/«GST-EURASIA» компанияларының су саласын автоматтандыруды ұйымдастыру бойынша өнімдерін зерттеп, келіссөз жүргізуде. Сондай-ақ, БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдерімен жобалау жұмыстарына өтеусіз гранттар тарту және шекаралас елдермен су ресурстарын басқарудың интеграцияланған жүйесін жасау бағытында жұмыс атқаруда.

«Бірінші кезекте шекара маңы учаскелерінде суды есепке алу жүйелерін автоматтандыру жоспарланып отыр. Одан кейін Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Сырдария өзеніндегі суды есепке алу жүйесін автоматтандыру және еліміздегі су шаруашылығы кешендерін автоматтандыру қолға алынады»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары