02.11.2023, 16:40

Мәжілісмен: Сарбазға мәжбүрлеп кредит алғызу фактілері бар

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскер сарбаздарды барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етеді деген ойдамыз.

Қазақстанда әскерге шақырылғандарға несие беруге тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбековтің айтуынша, әскердегі жасы үлкен сарбаздар өздерінен кішілерді несие алуға мәжбүрлейтін жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан депутаттар мерзімді әскери қызметшілерге несие алуға шектеу қоюды ұсынып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілерге несие алуға мораторий енгізуді ұсынды. 

Бұл жерде мәселе сарбаздарға қатысты яғни, біз мерзімді қызмет сарбаздарына несие беруге толық тыйым салғымыз келеді. Неге? Сарбазға әскери міндетін өтеп жүргенде мәжбүрлеп кредит алғызу фактілері бар. Біз мұны тоқтатуымыз керек. Әскер сарбаздарды барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етеді деген ойдамыз. Сондықтан несие алудың қажеті жоқ шығар,  – деді мәжілісмен Ерлан Стамбеков.