09.11.2023, 16:20

Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде білім беретін 3 мектеп салмақшы

Фото: Pixabay

Қазақстанда орыс тіліне деген қызығушылық бар.

Ресей үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде білім беретін үш мектептің құрылысы басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанда орыс тіліне деген қызығушылық бар. Біз бұл мәселені үкіметаралық комиссияның отырысында да талқыладық. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйымның құрылуы бастамасы үшін алғыс айтамыз. Ол келісімге 13 қазанда ТМД елдері басшыларының кеңесінде қол қойылды. Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін үш мектептің құрылысын детальды түрде талқылап жатырмыз», - деді ол.

Оверчук Қазақстанда бірқатар ресейлік жоғары оқу орнының филиалдары ашылғанынын айтты.

Ресейдің ауыл шаруашылығы ЖОО-сының филиалын ашу жұмыстарын пысықтап жатырмыз,- деді Алексей Оверчук.