$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Әділгерей асабалық қызметі үшін қанша ақша алатынын айтты

Сондай-ақ ол желіге танымал жұптың тойын қалай тегін жүргізіп бергенімен де бөлісті.

Фото: Instagram/kairat_adilgerey
Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына сұхбат беріп, той жүргізгені үшін қанша қаражат алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ ол желіге танымал жұптың тойын қалай тегін жүргізіп бергенімен де бөлісті.

Мен ол жұпты білмейді екенмін. Бірақ әлеуметтік желіде танымал екен. Менің көмекшім бар. Сол кісі тойды алғанда олардың тойы екенін білмеген. Біз ақшаға келіскенбіз. Көмекшім алдын ала 50 мың теңге алған. Осындай адамға өмірін арнап жатқан қызға біз 4-5 сағат қызметімізді арнай алмаймыз ба? Біз тегін қызмет атқарып бердік. Тойда жүрген оператор, биші, әншілер тегін қызмет атқарып кетті. Мен ақша сұрағаным болмас, Құдай жеткерер деп біз командамен шешім қабылдадық, деді әзілкеш.

Қайраттың айтуынша, оның гонорары 500 мың теңгеден басталады. 

Гонорарымды айта аламын. Менде әртүрлі, келіскенге байланысты. Біреудің көңіліне, біреудің ниетіне қараймын. Қатып қалған баға жоқ. 500 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін. Жанымда музыкантым бар. Жолымыз, ұшағымыз, қонақ үй бәрі соның ішінде. Келіскенге байланысты ғой, - деді Қайрат Әділгерей. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары