$ 494.87  520.65  4.91

Таразда терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды

Сотталған 2018 жылдан бері кісі өлтіруге оқталғаны үшін жазасын өтеуде.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша «К» азаматына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 17 қазанда Тараз қалалық сотымен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

9 қарашада сот үкімі заңды күшіне енді. Анықталғандай, сотталушы жазаларын өтеуші адамдардың арасында радикалды идеологияны таратқан. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.

Айта кететіні, сотталған 2018 жылдан бері кісі өлтіруге оқталғаны үшін жазасын өтеуде.

ҰҚК материалдары бойынша 2023 жылдың басынан ҚАЖ мекемелерінде терроризмді насихаттағандары үшін 5 адам әртүрлі жаза өтеу мерзімдеріне кесілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары