$ 444.14  477.05  4.85

Салтанат Бақаева ерекше образымен тыңдармандарын таңғалдырды (ВИДЕО)

 Шынымен кореялық ару екен деп ойладым.

Фото: saltanat_bakayeva
Фото: saltanat_bakayeva

Танымал әнші Салтанат Бақаева әлеуметтік желіде жаңа образын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Қазір желіде өнер иесінің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші әрі актриса Instagram парақшасында жаңа образдағы видеосын жариялап, оқырмандарының назарын аударды. Жанкүйерлерін әркез таңғалдыратын Бақаева бұл жолы кореялық образды таңдаған. Кореялық арудың кейпіне енген отандық әншінің образы көпшіліктің көңілінен шыққан. Желі қолданушылары тәнті болып, жарыса пікір жазды. 

Керемет, өте ерекше», «Сіз қандай образ таңдасаңыз да жараса кетеді», «Нағыз хас сұлудың өзі», «Салтанат, мына образ тура сізге арналғандай екен. Бірақ сіз бояусыз да сондай әдемісіз», «Танымай қалдым. Шынымен кореялық ару екен деп ойладым, – десті әншінің желідегі оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары