$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан азаматтығы бар журналист Ресейден қуылды

14 қарашада Пермьдің Киров аудандық сотында осы іс бойынша отырыс өтуі керек болған. 

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ресейлік Properm.ru басылымының тілшісі, Қазақстан азаматы Владислав Иваненко Ресейден Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Қазақстан азаматы Ресейде тұруға ықтиярхатының жойылғаны туралы хабарлама алған. Журналист 9 қарашада ұсталған. Кейін онымен байланыс болмаған. Кейінірек, журналистің шетел азаматтарын уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Сот оның тұруға ықтиярхатының жою туралы шешімді тоқтатқанын. Бірақ соған қарамастан кеше Владислав Иваненко Екатеринбург әуежайына жеткізіліп, Қазақстанға депортацияланған.

Ал 14 қарашада Пермьдің Киров аудандық сотында осы іс бойынша отырыс өтуі керек еді.

Біз құқық қорғау органдарының әрекеттерін заңсыз деп санаймыз. Біз не болып жатқандығы туралы ресми түсініктеме беруін талап етеміз. Сондай-ақ, тілшімізді сотта да қорғауды жалғастырамыз, – деп жазды  Properm.ru басылымының бас директоры Денис Вихров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары