$ 494.87  520.65  4.91

«Ақшаң болмаса, кино түсірме»: Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықованың сөзіне жауап берді

Мен музыканттарыма барып: «концерттерімді өзім жасап жатыр едім, маған тегін ойнап беріңдерші немесе жарықты тегін қойып, видеоны тегін түсіріп беріңдерші» деп айтқан емеспін. Ол дұрыс емес.

Фото: @kuraiyshev, @dariga_badykova
Фото: @kuraiyshev, @dariga_badykova

Бірер күн бұрын актриса Дариға Бадықованың «Қазыбек Құрайыш әнін бермей қойды» деген сөзі әлеуметтік желіде тараған еді. Осыған қатысты әнші Қазыбек Құрайыш жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жуырда актриса «Таптым-ау, сені» атты фильм түсірген.

Сол картинаға лирикалық музыка керек болды. Қазыбек Құрайыштың «Таптым-ау, сені» әнінің мелодиясын қоюды ойладық. Рұқсатын алмақ болып хабарласқанымызда мүлдем жауапсыз қалдырды. Көмекшісі арқылы да шықтық. 28 секундтық жерге әнінің мелодиясын алу үшін қанша күн рұқсатын ала алмай жүрдік, – деді Д.Бадықова.

Бұл ретте, әнші Қазыбек Құрайым үнсіз қалмады. Ол Instagram арқылы актрисаның сөзіне қатысты өз нұсқасын айтты. Сонымен қатар, тыңдармандарының көкейтесті сұрағына жауап берді.

Жазбай-ақ қояйын деп едім, қоймадыңыздар. Алғашында бұл кісілерге ренжігенім рас. Мен ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін. Оны кино саласында жүргендердің бәрі білетін шығар. Әндерім барлық фильмдерге тегін кетеді. Жобамен онға жуық фильмде әндерімнен үзінді бар, біреуінен де ақша сұраған емеспін – бұл бір. Екіншісі – мен бұл кісілерге продюсер-спонсор болған үлкен апайымызға: «Мейлі, әнді ала беріңіздер, қарсы емеспін. Ақшаның да керегі жоқ» деп айтқанмын негізі. Енді неге қоспағанын және бағдарламаға келіп, неге осылай айтып отырғанын түсінбедім. Ал, жалпы, мен әндерімді ешкімге де беруге міндетті емеспін, – деп жазды әнші.

Жас әнші тіпті, ақшасы жетпесе де кино түсіру үшін әркімнен көмек сұрайтын адамдарды сынады. Оның ойынша, ақша болмаса, кино түсірудің қажеті жоқ. Әркімнің еңбегіне сай ақысы төленуі керек.

Сосын тағы бір айтарым бар. «Мен өз ақшама кино түсіріп жатыр едім. Қаражатымыз жоқ, көмек беріңізші» дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы. Мен музыканттарыма барып: «концерттерімді өзім жасап жатыр едім, маған тегін ойнап беріңдерші немесе жарықты тегін қойып, видеоны тегін түсіріп беріңдерші» деп айтқан емеспін. Ол дұрыс емес. Кейбір «доспыз-ау» деген кино түсіріп жүрген азаматтарға мен ұйықтамай отырып, арнайы авторлық әндер жазып беріп те жүрмін. «Рақметіміз бар» деп, жоқ болып кеткендердің атын айтпай-ақ қояйын. Не десеңдер де арым таза. Аман болыңыздар!, – деді Қазыбек Құрайыш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары