Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 16 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде антициклонның ықпалымен күн райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +7+9°C.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +16+18°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 5+10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +22+24°С.