«Мен қыздарым тегін жалғастыруға лайық деп санаймын»
Блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде оқырмандарының ұлды болу керектігі жайлы сауалына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Сізге де енді ұлды болу керектігі жайлы айтады ма?", - деп сұрады желі қолданушысы блогерден. Алайда ол екі қызы оның мұрагері екенін айтты.
Иә. Маған қыздарымнан артық ешкім жоқ. Олар - әлемдегі ең керемет жаратылыс. Алла өзі сыйлаған қыздардан кейін қалай басқа нәрсе сұрауға болады? Жүз ұл - қыздарымның тырнағына татымайды. Егер менде таңдау мүмкіндігі болса, қайта-қайта қыздарымды таңдар едім. Мен қыздарым тегін жалғастыруға лайық деп санаймын. Біздің бір емес, екі мұрагеріміз бар. Құдайға шүкір, - деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында.