33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған.
Елордада қаржылық пирамида жетекшілері сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Antares» қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды.
Мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды.
Кінәлілер «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген.
33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Үкім күшіне енді.